ММА

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер OCTAGON 39 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер OCTAGON 39 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді

Еуразиялық жекпе-жек промоушені лиганың 2023 жылғы OCTAGON 39 турнирінің басты жекпе-жегі туралы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (15-0) бразилиялық файтермен кездеседі. Қарсыласының есімі әзірге жарияланбады.

Айта кетейік, Мақсұм карьерасындағы кейінгі жекпе-жегін былтыр маусымда O31 турнирінде өткізген, ол бразилиялық Алан Габриэльді (12-7) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.

Еске салайық, OCTAGON 39 турнирі 21 қаңтарда Алматыда өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0