Бокс

Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді

Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров көктемде әлем чемпионы белбеуіне таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы Тұраров 18 наурызда Қазақстанда жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Алехандро Менесеспен жұдырықтасады. Бұл туралы BMM компаниясы Telegram-арнасында хабарлады.

Тұраров былтыр 11 желтоқсанында Алматыда өткен жекпе-жегінде венесуэлалық боксшы Луис Энрике Ромероны жеңіп, IBO Inter-Continental чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0