Әлем футболы

Санчес Катар құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Санчес Катар құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Катар футбол қауымдастығының баспасөз қызметі Феликс Санчес ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Футбол қауымдастығының басшылығы испаниялық маманмен 31 желтоқсанда аяқталатын келісімшартты ұзартқан жоқ. Катар құрамасының жаңа бапкерінің есімі кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Катар құрамасы «А» тобында Эквадор (0:2), Сенегал (1:3) және Нидерландыдан (0:2) жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0