Қазақстан футболы

Ресми: «Тараз» келесі маусымды Бірінші лигада бастайды

Ресми: «Тараз» келесі маусымды Бірінші лигада бастайды

«Тараз» келесі маусымды Бірінші лигада бастайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін клуб базасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен команда ойыншылары, клуб өкілдерінің кездесуі өтті. Басқарма басшысы облыстық әкімдік тарапынан жағдай жасалынса да клуб соңғы кездері бірқатар қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Ойыншыларға берешек болғандықтан Қазақстан Футбол федерациясы клубқа жаңа ойыншылар алуға тыйым салды. Премьер лиганың келесі маусымына қатысу бойынша лецензиялауда мәселелер туындады. Мұндай жағдайда команданың еліміздің жоғары біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін емес. Осыған байланысты, федерация «Тараз» футбол клубын Бірінші лигаға жіберу туралы шешім қабылдады.

Арман Ташметов команда тезірек жоғары лигаға қайта оралып, команда басшылығы жуық арада қарыздарды өтеп, қаржылық жағдайды түзеуі қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, клубтың ұлттық құрама мен негізгі командаға баратын жас футболшыларды тәрбиелеп, балалар мен жасөспірімдер командаларын одан әрі дамыту тұжырымдамасының бағыты сақталатын болады», – делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0