Теннис

Бублик Рыбакинаның «Уимблдон» турниріндегі жеңісі жайлы пікір білдірді

Бублик Рыбакинаның «Уимблдон» турниріндегі жеңісі жайлы пікір білдірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Елена Рыбакинаның «Уимблдон» турниріндегі жеңісі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, бұл еліміз үшін өте керемет болды. Финалды көрмедім, бірақ оның жеңіске жеткенін естіп қатты қуандым, өйткені ол көптеген жас баланың теннис спортына қызығушылығын оятты, кейін Қазақстанға барғанымда осыған көзім жетті.

Оны мақтан тұтамын, қаншама баланы тенниске қызықтырғаны үшін өте қуаныштымын. Олар аз емес еді, осыдан кейін тіпті көбейіп кетті. 

Бұл еліміз үшін де, спортшының өзі үшін де үлкен жетістік», - деді Бублик.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0