Әлем футболы

«Сантос» Пеленің құрметіне логотипін жаңартты

«Сантос» Пеленің құрметіне логотипін жаңартты

Бразилиялық «Сантос» әлеуметтік желілерде футбол клубының жаңартылған эмблемасының суретін жариялады, деп хабарлайды Prospots.kz.

Эмблемада тәж бар. Бұған дейін хабарланғандай, Сантос бұл элементті клубтың бұрынғы футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің құрметіне клуб эмблемасына қосуды шешті.

Пеле 29 қарашада жоспардан тыс ауруханаға жатқызылды және тоқ ішек қатерлі ісігінен емделгендіктен Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн ауруханасында жатыр. Кейінірек белгілі болғандай, 82 жастағы Пеле химиотерапиялық ем қабылдауды тоқтатып, паллиативтік көмек көрсету бөліміне ауыстырылған.

Пеле – тарихтағы үш дүркін әлем чемпионатының жалғыз чемпионы. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары әлем чемпионы атанды. Пеле ФИФА нұсқасы бойынша 20 ғасырдың ең үздік футболшысы деп танылды, ол өзінің мансабындағы 1279 голдың авторы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0