Катардағы әлем чемпионаты тарихтағы ең нәтижелі болды

Жексенбі, 18 желтоқсанда Аргентина – Франция (3:3, 4:2 пен.) құрамалары арасында 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
2022 жылғы әлем чемпионатындағы голдардың жалпы саны 172-ге жетіп, тарихтағы ең нәтижелі болды.
Бұған дейінгі рекорд 1998 және 2014 жылдары турнирдегі 171 гол болған.
Турнирдің ең нәтижелі ойыны Англия мен Иран арасындағы кездесу болды (6:2). 7 голдан екі рет соғылды: Испания – Коста-Рика (7:0) және Португалия – Швейцария (6:1).