Франция – Марокко матчынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жасар жасөспірім көз жұмды

Марокко матчынан кейін Монпелье қаласында франциялықтар мен этникалық марокколықтар арасында қақтығыстар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
RMC Sport мәліметіне қарағанда, Францияның аталған қаласында қақтығыс салдарынан 14 жасар жасөспірім көз жұмды.
Франция құрамасының жанкүйерлері отырған автокөлікке белгісіз адамдар келіп, терезеден шығып тұрған ұлттық құрама жалауын жұла бастаған. Жүргізуші орнынан кілт қозғалып, 14 жасар ұл баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды.
Мұның алдында жаппай қақтығыс салдарынан жарақат алғандар бар екендігі хабарланған еді.