ММА

Дастин Порьенің аяғына ота жасалды

Дастин Порьенің аяғына ота жасалды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC файтері Дастин Порьенің аяғына ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін файтерден стафилококк инфекциясы анықталған. Ол антибиотиктер курсын қабылдаған, бірақ бұл көмектеспеді. Нәтижесінде Порьеде абсцесс пайда болды.

Дастин Порьенің әйелі Джоли әлеуметтік желіде операция сәтті өткенін хабарлады.

33 жастағы Порье UFC 281 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде Майкл Чандлерді жеңген болатын.

Порьенің жекпе-жектерге қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0