ҚПЛ-да ең қымбат футболшы кім?

ҚПЛ-да ең қымбат футболшы кім?

Prosports.kz сайтының Қазақстандағы эксклюзив серіктесі, беделді Transfermarkt.ru порталы ҚПЛ-да ойнайтын ойыншылар туралы деректерді жаңартты.

ҚПЛ маусымы аяқталғаннан кейін Transfermarkt мамандары «Астана» сапындағы Педро Эуженионы ең қымбаттаған ойыншы деп санады. Португалиялық өз құнына 300 мың еуро қосып, қазір 900 мың еуроға бағаланып отыр.

Бұл тізімде Қазақстан құрамасына шақырылып жүрген Эльхан Астанов, Абылайхан Жұмабек және Данил Устименко сияқты жас қазақстандық ойыншылар да бар.

Ең қатты арзандаған - «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Милян Вукадинович. Бір қызығы, арзандаған он футболшының бесеуі - қостанайлық «Тобыл» ойыншылары.

Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат ойыншысы болып «Тобыл» мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев атанды. Оның құны - 1,4 миллион еуро.

Екінші орында - «Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг (1,2 миллион еуро), ал үшінші орында - «Астана» ойыншысы Камо Оганесян, ол 1 миллион еуроға бағаланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или