90+8, 90+11. Иран соңғы минуттарда екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті

2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші турындағы Уэльс пен Иран ұлттық құрамалары арасындағы кездесу ирандықтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші турды В тобындағы Уэльс пен Иран матчы ашты. Ойынның негізгі уақытында гол соғылмады. 16-минутта Әли Голизаденің голы есепке алынған жоқ. Ал 86-мигутта Уейн Хеннесси алаңнан қуылып, еуропалық ұжым 10 ойыншымен қалды.
Ал төреші қосқан қосымша сегізінші минутта Рузбех Чешми ирандықтарды алға шығарды. Үш минуттан соң Рамин Резайян ойын нүктесін қойды - 2:0.
Осылайша, Иран құрамасы үш ұпай еншілеп, В тобында екінші орынға көтерілді. Ал Уэльстің еншісінде бір ұпай бар.
Футболдан әлем чемпионаты. B тобы. Екінші тур.
Уэльс – Иран – 0:2 (0:0)
Голдар: Чешми 90+8 (0:1), Резайян 90+11 (0:2)
Ескертулер: Родон 45+3 - Резайян 90+5, Джаханбахш 90+5
Төреші: Эскобар (Гватемала)
25 қараша. Эр-Райян. «Ахмед бин Али» стадионы. 40 875 көрермен.