«Қайрат» қорғаушысының голы 2022 жылғы маусымдағы ең үздік гол атанды

«Қайрат» қорғаушысының голы 2022 жылғы маусымдағы ең үздік гол атанды
news-banner7
mobile-news-top

Дауыс беру ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ҚКФЛ ресми парақшасында өтті. Тек қазақстандық футбол жанкүйерлерінің дауысы есепке алынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Қайрат» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таңдауға осы маусымдағы чемпионат пен кубок матчтарында соғылған 8 гол ұсынылды. Ұсынылған әрбір голды жанкүйерлер ағымдағы жылдың наурыз-қазан айлары аралығындағы айдың ең үздік голы деп таныған болатын, сонымен қатар Лига әкімшілігі Қазақстан кубогының финалында соғылған голды сауалнамаға қосты», - делінген клуб хабарламасында.

Үміткерлер қатарында «Қайраттықтардың» екі ойыншысының голдары болды – Қазақстан Кубогының 1/4 финалында соғылған Сергей Кейлердің «Ақжайық» қақпасына айып добынан голы және Гүлжігіт Алықұловтың Қазақстан чемпионатының 25-туры аясындағы «Ақсу» командасына соққан голы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер