ГЛАВНАЯ
Быстровтың «Ахматы» Ресей кубогында «Динамоны» ұтты
Быстровтың «Ахматы» Ресей кубогында «Динамоны» ұтты

Бүгін, 23 қарашада Ресей кубогының топтық кезеңінің 5-ші турындағы матчта Ахмат Мәскеудің «Динамосымен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Текетіресте Грозный клубы жеңіске жетті – есеп 2:1.
Ахматт сапында Мохамед Конате матчтың 17-минутында және Лечи Садулаев 42-минутында (пенальти) гол соқты. Максим Кутицкий 57-минутта «Динамо» сапында бір гол соқты.
Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров ойынды «Ахматтың» қосалқы құрамында қалды.
Осы ойыннан кейін «Ахмат» 5 матчта 9 ұпаймен «С» тобында бірінші орынға шықты, «Динамо» - 3-орын және 7 ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или