Дуглас «Қайраттың» Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі матч туралы пікірін айтты

Дуглас «Қайраттың» Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі матч туралы пікірін айтты

Алматылық «Қайрат» АФК қорғаушысы Дулгас Жуниор 23-26 қараша аралығында Алматыда өтетін футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық раундының С тобындағы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Командалардың элиталық раундқа қалай дайындалатыны туралы білеміз. Бапкерлер штабы мен ойыншыларымыздың бар ойы осы ойында. Үш матчты да жақсы көңіл-күймен өткізіп шығамыз. Барлық матчтардың қиын болатынын білеміз және тиісті дайындықты жасадық», - деп келтіреді футболшының сөзін Қазақстан футзал қауымдастығы.

Еске салайық, «Қайраттың» С тобындағы қарсыластары - мальталық «Луксол Сент-Эндрюс», чехиялық «Хрудим» және португалиялық «Бенфика». 1-турда Қазақстан чемпиондары 23 қараша күні «Люксол Сент Эндрюспен» ойнайды. Матч Алматы уақытымен 21:00-де басталады.

Фото afckairat.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или