Құралбек Ордабаев атындағы сыйлықтың иегері анықталды

Құралбек Ордабаев атындағы сыйлықтың иегері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2022 жылғы маусымның үздік қақпашысын анықтау мақсатында Лига Қазақстан чемпионатының бас бапкерлері мен команда капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы маусымнан бастап ҚКФЛ бастамасымен маусымның үздік қақпашысы жүлдесі атақты қазақстандық қақпашы Құралбек Ордабаевтың есімімен аталады.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2022 жылғы маусымның үздік қақпашысының жүлдесі қарағандылық «Шахтердің» және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шатцкийге бұйырды. Барлық дауыстарды қосқаннан кейін ол 54 ұпай жинады. Шацкий аталмыш жүлдені екінші жыл қатарынан жеңіп алуда.

Қазақстан чемпионатында Шацкий 21 матч өткізді, оның 5-де ол өз қақпасына гол жібермеді. Сонымен қатар, Игорь УЕФА Ұлттар Лигасының барлық іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғады.

32 ұпай жинаған «Ақтөбе» ФК қақпашысы Стас Покатилов үздіктер тізімінде екінші орынды иеленді. Үздік үштікті «Қайрат» командасының өкілі Данил Устименко қорытындылады. Алматылық клубтың қақпашысы 20 ұпай жинады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0