«Қайсар» футбол клубы трансфер жасау құқынан айырылды

«Қайсар» футбол клубы трансфер жасау құқынан айырылды

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайсар» футбол клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды.

Біздің басылымның мәліметінше, футболшыларға, бапкерлерге және клуб қызметкерлеріне қарыз үш айдан асып кеткен. Сонымен қатар, клуб қазынасынан 400 миллион теңгеден асатын соманың жоғалып кетуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, «Қайсар» аяқталған маусымда Бірінші лигада екінші орын алып, ҚПЛ-да ойнау құқығына ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или