ММА

UFC әділетсіз шешім шығарды ма? Жұмағұлов — Джонсон жекпе-жегінің статистикасы

UFC әділетсіз шешім шығарды ма? Жұмағұлов — Джонсон жекпе-жегінің статистикасы
news-banner7
mobile-news-top

UFC ресми сайты қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) мен америкалық Чарльз Джонсон (12-3) арасындағы жекпе-жектің статистикасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекте Жұмағұлов 258-237 жалпы соққы бағыттады, бірақ дәл соққылар саны бойынша 141-141 теңдік. Сондай-ақ қазақстандық 234-209 (дәл – 119-115) әлдеқайда маңызды соққы жасады.

Жұмағұлов төрт рет тейкдаун әрекетін жасады, оның біреуі сәтті болды; Джонсон екі рет ұмтылғанымен, екеуі де сәтсіз.

Жалпы бақылау уақыты: Жұмағұлов – 1:03, Джонсон – 0:57.

Еске салайық, статистика қазақстандық пайдасына болса да, жекпе-жекте төрешілер 29-28, 28-29, 29-28 есебімен жеңісті Джонсонға берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер