2022 жылғы Әлем чемпионатының жарыс кестесі

2022 жылғы Әлем чемпионатының жарыс кестесі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатын көрсетеді.

Жаһандық жарыстың ашылу салтанаты 20 қараша күні 20:45-те өтеді. Тікелей трансляцияны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан, сонымен қатар qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.

Әлем чемпионаты матчтарының қарсаңында студиялық бағдарламалар ұсыналады. Оларда спорт жұлдыздары, мамандар, сарапшылар, кәсіпқой спортшылар өз ойларымен бөліседі. Сонымен қатар Корпорацияның әлеуметтік желідегі парақшаларында футбол жанкүйерлеріне арналған түрлі байқаулар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 19 қараша күні 16:00-де «Қазмедиа» орталығында Әлем чемпионаты көрсетілімінің соңғы дайындық жұмыстары қорытындыланып, ойындарды жүргізетін комментаторлармен кездесу ұйымдастырылады. Кездесуде алдағы мундиальда ұсынылатын студиялық бағдарламалар, күнделікті шығарылымдар мен байқаулар жөнінде ақпараттар жария етіледі.

 

Түпнұсқасы: QazSportОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0