Бокс

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

Америкалық комментатор әрі бокс жекпе-жектерінде соққыларды есептейтін CompuBox жүйесінің операторы Дэн Каноббио қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Айдос Ербосынұлы комадан шығып, жағдайы жақсарғаны туралы ақпаратты растай аламын. Келесі кезең – оңалту орталығы», - деді Каноббио.

Еске салайық, екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек 6 қарашада өтті. Моррель Ербосынұлын жекпе-жектің 12-раундында нокаутқа түсірген болатын. Кейін Айдостың миына қан құйылып, жасанды комаға түскен еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0