Әлем чемпионатына қатысатын ең жас және ең егде ойыншы кім?

Әлем чемпионатына қатысатын ең жас және ең егде ойыншы кім?

Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионаты басталатын уақыт жақын қалды, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті әлем біріншілігі алдында назаларыңызға бірқатар қызықты дерек ұсынамыз.

Әлем чемпионатына қатысатын ең жас ойыншы: Юссуфа Мукоко (Германия құрамасы), 17 жас. Бір қызығы әлем чемпионаты басталған күні Мукоко 18 жасқа толады. 

Әлем чемпионатына қатысатын ең егде ойыншы: Альфредо Талавера (Мексика құрамасы), 40 жас.

Әлем чемпионатына қатысатын ең аласа ойыншы: Ильяс Шаир (Марокко құрамасы, 158 CM.

Әлем чемпионатына қатысатын ең биік ойыншы: Андрис Нопперт (Нидерланды құрамасы), 203 CM.

Әлем чемпионатында ең көп матч өткізген ойыншы (мансабын аяқтамағандар арасында): Лионель Месси (Аргентина құрамасы), 19 матч.

Әлем чемпионатында ең көп гол соққан ойыншы (мансабын аяқтамағандар арасында): Томас Мюллер (Германия құрамасы), 10 гол.

Әлем чемпионатында ең көп нәтижелі пас берген ойыншы (мансабын аяқтамағандар арасында): Томас Мюллер (Германия құрамасы), 6 ассистент жасаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0