Бокс

«5-11-раундтарды алдым». Бентли Әлімханұлын жеңгенін айтты

«5-11-раундтарды алдым». Бентли Әлімханұлын жеңгенін айтты

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының айтуынша, ол Әлімханұлымен жекпе-жекте жеңіске жетуге лайық болған.

«Жекпе-жекті мұқият қарап шықтым және мен 5-11 раундтарды алдым деп ойлаймын», - деп жазды Бентли Твиттер парақшасында.

Еске сала кетейік, 13 қарашада таңертең Лас-Вегаста Әлімханұлы ұлыбританиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңіп, WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағын алғаш рет қорғаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0