Бокс

Қазақстан бокстан Азия чемпионатында екінші алтын медалін иеленді

Қазақстан бокстан Азия чемпионатында екінші алтын медалін иеленді

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда қазақстандық боксшы Таиланд өкілі Джутамас Джитпонгпен күш сынасты. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесу төрешілердің бірауыздан қабылдыған шешімімен (5:0) Шекербекованың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Жайна Шекербекова Қазақстанға турнирдің екінші «алтынын» әкелді. Алуа Балқыбекова (48 келі) алғашқы алтынның иегері атанды.

Фото: kfb.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0