Теннис

Билли Джин Кинг: Путинцева Қазақстан құрамасын алға шығарды

Билли Джин Кинг: Путинцева Қазақстан құрамасын алға шығарды

Қазақстандық Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогы аясында Ұлыбританияға қарсы өтіп жатқан кездесуде Қазақстан құрамасын алға шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Глазгода өтіп жатқан текетірестің алғашқы кездесуінде Путинцева Кэти Бултерді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Екінші жұпта Елена Рыбакина Хэрриет Дартпен кездеседі.

Билли Джин Кинг кубогы әйелдер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Турнирді Халықаралық теннис федерациясы ұйымдастырады. 2020 жылға дейін ол Федерация кубогы деп аталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0