Бокс

Suleimen Promotions Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Suleimen Promotions Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы Миннеаполистегі ең үздік клиникаға орналастырылды. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол 2 аптаға жуық бақылауда болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Suleimen Promotions-қа сілтеме жасап.

«Бұл спортшының жеке өміріне қатысты болғандықтан, біз толық ақпаратты тарата алмаймыз. Қазір Айдостың жанында «Suleimen Promotions» және PBC өкілдері бар. Біз боксшының ата-анасы мен туыстарын АҚШ-қа жеткізуді ұйымдастырамыз. Қазіргі уақытта TGB және PBC промоутерлік компанияларының және «ShowTime» телеарнасының өкілдерімен тұрақты түрде брифингтер өткізіп жатырмыз.

Қазір кейбір БАҚ өкілдері Айдостың денсаулығына қатысты келеңсіз ақпарат таратып жатыр. Сондықтан тек біздің ресми жаңалықтарымызды бақылап, жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз», - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, Миннеаполистегі (АҚШ) The Armory аренасында өткен бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) Дэвид Моррельден (8-0, 7КО) жеңіліп қалған. Кубалық боксшы 12-раунда нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы медициналық орталыққа жеткізіліп, боксшыға ота жасалған.

Prosports.kz редакциясы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуін тілейді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0