«Оқжетпес» Бірінші лиганың жеңімпазы атанды

«Оқжетпес» Бірінші лиганың жеңімпазы атанды

2022 жылғы маусымдағы Бірінші лига чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 турдың қорытындысы бойынша көкшетаулық «Оқжетпес» үздік клуб атанды. Сергей Попковтың шәкірттері 61 ұпай еншіледі. Бұл екінші орын алған «Қайсардан» 5 ұпайға артық. Қызылордалық команда 26 турда 17 жеңіске жеткен.

«Жетісу» қоржынында да 17 жеңіс бар, бірақ олар азырақ ұпай жинады. Осылайша, талдықорғандық команда 2022 жылғы маусымның қола жүлдесін иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0