«Астон Вилла» Азарға қызығушылық танытып отыр

«Астон Вилла» Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Эден Азарға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команданың жаңа бас бапкері Унаи Эмери бұл трансферді мақұлдап отыр.
Корольдік клуб 31 жастағы бельгиялықпен қоштасуға шешім қабылдады, бірақ қазіргі уақытта ешбір команда Мадридке ресми ұсыныс жасаған жоқ.
Айта кетейік, «Реал Мадрид» 2019 жылы Азардың трансфері үшін 110 миллион еуродан астам ақша төлеген. Осы маусымда Азар клуб сапында барлық турнирде 5 ойынға қатысып, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или