Франко Камоцци Зайнутдиновтің А сериясына ауысу мүмкіндігін бағалады

Франко Камоцци Зайнутдиновтің А сериясына ауысу мүмкіндігін бағалады

«Спартактың» бұрынғы иесі Леонид Федунға кеңесші болған Франко Камоцци қысқы трансферлік терезеде Игорь Дивеев, Бахтиер Зайнутдинов және Андрей Мостовой А сериясына ауыса ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

«А сериясының командалары Дивеев, Зайнутдинов және Мостовойды бақылап отыр ма білмеймін. Оларды өте жақсы білемін. Италияда ресейлік ойыншыларға нақты тыйым жоқ, бірақ Ресейден осынша ойыншыны шақыру аса дұрыс шешім емес деп ойлаймын. Жоғары деңгейлі ресейлік футболшылар Италияға барады деп үміттенемін, бірақ мұның оңай емес екенін мойындауым керек», – деді Камоцци.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та ЦСКА сапында доп теуіп жүрген қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Италия чемпионатына ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған. 

«5-6 миллион еуро». Зайнутдинов А сериясына ауыса ма?

Зайнутдиновтің агенті оның Италияға ауысу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0