Зайнутдиновтің агенті оның Италияға ауысу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады

Зайнутдиновтің агенті оның Италияға ауысу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады

ЦСКА жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков СЭ басылымына берген сұхбатында футболшының мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Зайнутдинов А сериясы клубтарының біріне ауыса ма? Бұл ақпарат қайдан шыққанын білмеймін! ЦСКА-мен ешқандай келісім жоқ!», - деді Новиков.

Айта кетейік, 2022/23 жылғы маусымда Зайнутдинов ЦСКА сапында 15 матчқа қатысты. Transfermarkt.com порталы 24 жастағы қазақстандықты 3,5 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или