«5-6 миллион еуро». Зайнутдинов А сериясына ауыса ма?

«5-6 миллион еуро». Зайнутдинов А сериясына ауыса ма?
news-banner7
mobile-news-top

Танымал инсайдер Иван Карпов мәскеулік ЦСКА қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновті италиялық А сериясының клубтарының біріне жіберуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Советский спорт» сайтына сілтеме жасап.

Карповтың мәліметінше, клуб ойыншыны А сериясына 5-6 миллион еуроға сатқысы келеді.

«Орешкиннің клубы Италия футболымен жақсы байланыста, сонымен қатар трансферлер үшін ақша алудың нақты жүйесі бар», - деді әлеуметтік желіде инсайдер.

24 жастағы Зайнутдинов ЦСКА сапында 2020 жылдың тамыз айынан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол 15 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Фото pfc-cska.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер