Қазақстандық боксшы WBA рейтингінің топ-10 қатарына енді

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінің топ-10 қатарына енді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 қазанда Нұрмағанбет Мехико қаласында өткен бокс кешіне қатысып, жергілікті боксшы Лучано Арауджоны нокаутқа түсірген болатын. Осы сәтті өнерінен кейін Нұрмағанбет WBA екінші орта салмақтағы рейтингінде 11-ден 10-орынға көтерілді.

Екінші орта салмақтағы дивизионда Айдос Ербосынұлы көш бастап келеді. Екінші орында америкалық Калеб Плант, үздік үштікті канадалық Эрик Базинян түйіндеді.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес - осы салмақта абсолют әлем чемпионы, кубалық боксшы кіші Давид Моррель - WBA Regular титулының иегері.

Орта салмақтағы чемпиондық белбеудің иегері - қазақстандық Геннадий Головкин. Ал 14-орында болған Мейірім Нұрсұлтанов топ-15 қатарынан шығып қалды. 

Екінші жеңіл салмақтағы жалғыз қазақстандық Сұлтан Зәуірбек тоғызыншы орыннан 8-орынға көтерілді. Бұл салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы - Доминикан Республикасының өкілі Эктор Луис Гарсия. Рейтингтің көшбасшысы - кіші Ламонт Роуч (АҚШ), Джоно Кэррол (Ирландия) және Отар Эраносян (Грузия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или