Қарағанды үстел теннисінен Қазақстан кубогында топ жарды

Алматыдағы ADD үстел теннисі орталығында үстел теннисінен Қазақстан Кубогы аяқталды.
Ерлер және әйелдер арасындағы сында қарағандылық спортшылар жеңіске жетті.
Алан Курмангалиев, Владислав Захаров, Темирлан Ким, Амир Торгайбеков финалда 3:0 есебімен Шығыс қазақстандықтарды жеңді. Үшінші орын Павлодар облысын жеңген Алматыға бұйырды. Есеп-3:1.
Ал Александра Смирнова, Жанерке Қошкумбаева, Арай Яшкеева, Виктория Мочалкина қатарлы қарағандылық спортшылар финалда Алматыны 3:0 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогын өздеріне сақтап қалды. Елордалық теннисшілер қола медаль алды.
Ерлер.
1 орын Қарағанды облысы
2 орын Шығыс Қазақстан облысы
3 орын Алматы
4 орын Павлодар облысы
5 орын Шымкент
6 орын Абай облысы
7 орын Түркістан облысы
8 орын Астана.
Әйелдер.
1 орын Қарағанды облысы
2 орын Алматы
3 орын Астана
4 орын Түркістан облысы
5 орын Абай облысы
6 орын Шымкент
7 орын Маңғыстау облысы
8 орын Павлодар облысы.