«Біз тарихи нәтижеге қол жеткіздік». Игорь Шацкий Беларусь құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді

«Біз тарихи нәтижеге қол жеткіздік». Игорь Шацкий Беларусь құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді

Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы Беларусь құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді.

– Игорь, жеңіспен құттықтаймын. Бүгінгі ойынға қатысты пікір білдіріңізші.

– Жанкүйерлер тарапынан ойын керемет өтті. Біз тарихи нәтижеге қол жеткіздік – топтан шықтық.

– Топтан мерзімінен бұрын шығу үшін Белорусьті жеңуді жоспарладыңыздар ма?

– Иә, топтан еш қиындықсыз мерзімінен бұрын шығу үшін барымызды салдық.

– Бір сәтті сіз өте жарқын тойладыңыз. Сол туралы айтып бере аласыз ба?

– Бұл сәтке жанкүйерлер әсер етті, өйткені олар ойын бойы бізді қолдап отырды.

– Игорь, Ұлттар лигасында Джанлуиджи Доннарумма мен Мануэль Нойер сияқты танымал ойыншыларды басып озып, сейв жасау бойынша бірінші қатарда тұрсыз. Бұл туралы не айта аласыз?

– Шынымды айтсам, мен оған мән бермеймін. Мен команда ойыншысымын – өз командама көбірек пайда әкелуге тырысамын.

– Гол жіберіп алған сәтке қатысты ойыңызды айтыңызшы.

– Ол жерде түсініспеушілік болды, бәрі бір–біріне сеніп қалды, мұндай болып турады. Құрамаға жеңіс әкелген Бақтиер Зайнутдиновқа рақмет.

- Бакудегі ойынға қатысты болжамыңызбен бөлісіңізші.

- Бұл футбол. Бәрі болуы мүмкін.

– Сіз Зайнутдиновты атап өттіңіз, ал Михаил Габышов туралы не айта аласыз?

– Миша - еңбекқор және жақын досым. Мен оны бұрыннан білемін және ол ұлттық құрамада ойнауға лайық деп есептеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или