Беларусь құрамасы Қазақстанға қарсы өтетін ойынға қатысатын құрамын жариялады

Беларусь құрамасы Қазақстанға қарсы өтетін ойынға қатысатын құрамын жариялады

Беларусь құрамасының бапкерлер штабы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакия мен Қазақстанға қарсы матчқа шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Беларусь футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Минскіде өтетін матчтарға келесі ойыншылар дайындалып жатыр:

Қақпашылар: Павел Павлюченко («Термалика», Нецеча, Польша), Егор Хаткевич («Динамо-Минск»), Максим Плотников («Шахтер», Солигорск).

Қорғаушылар: Денис Поляков («Астана», Астана, Қазақстан), Кирилл Печенин («Оренбург», Ресей), Глеб Шевченко, Руслан Хадаркевич (екеуі де – «Шахтер», Солигорск), Максим Швецов («Динамо-Минск»), Руслан Юденков («Мақтаарал», Атакент, Қазақстан), Данила Нечаев, Владислав Малькевич (екеуі де – БАТЭ, Борисов), Илья Лукашевич (РЦОР БГУ, Минск).

Жартылай қорғаушылар: Владислав Климович («Неа Саламина», Кипр), Евгений Яблонский («Арис», Лимассол, Кипр), Макс Эбонг («Астана», Астана, Қазақстан), Павел Седько («Гомель»), Валерий Громыко, Дмитрий Бессмертный, Валерий Бочеров (барлығы – БАТЭ, Борисов), Руслан Лисакович («Ислочь», Минск облысы).

Шабуылшылар: Павел Савицкий («Неман», Гродно), Иван Бахар («Динамо-Минск»), Егор Богомольский («Нефчи», Баку, Әзербайжан).

Еске салайық, Қазақстан – Беларусь матчы Астанада 22 қыркүйекте өтеді.

Фото abff.by

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0