OCTAGON 35 x BRAVE CF 62 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпион анықталады

OCTAGON 35 x BRAVE CF 62 турнирінде  жартылай орта салмақтағы чемпион анықталады

30 қыркүйекте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен OCTAGON 35 x BRAVE CF 62 кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы OCTAGON чемпионы Бауыржан Қуанышбаев (13-4) жеңіліп көрмеген Магомед Магомедовпен (9-0) кездеседі.

Кейінгі кездесуінде Магомедов қазақстандық Махир Мамедовты (19-3) жеңген болатын.

Қуанышбаев осы жылдың шілде айында Алматыда өзбекстандық Мухриддин Алимовпен (4-1) жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғап қалған.

Еске салайық, Алматыда өтетін бірлескен турнирде әлемнің 11 елінен келген спортшылар өнер көрсетеді.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или