Naiza лигасының президенті Головкин - Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек туралы пікірін айтты.
«Геннадий Головкиннің Афиныдағы Олимпиадада бокстасқаны әлі есімде, дәл сол тарихи күні бүгінгі ринг профессоры GGG дүниеге келді.
Көпшілік төрешілердің шешімімен келіспесе де, Гена күміс жүлдені абыроймен қабылдады.
Головкин мен Альварестің трилогиясына бар жоғы бірнеше күн қалды. Қазақстан ғана емес, күллі әлем GGG үшін жұдырығын түйіп отырғанына сенімдімін. Меніңше, бұл жекпе-жек 9 раундқа дейін созылады, екеуінің біреуі құлайды және ол Канэло болады деп сенемін».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или