Александр Кучма: Біз әр кездесуімізді соңғы матчымыздай ойнаймыз

Александр Кучма: Біз әр кездесуімізді соңғы матчымыздай ойнаймыз

 «Тұран» ФК бас бапкері м.а. Александр Кучма OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 19-туры аясында өткен «Қайратқа» қарсы матчты қорытындылады.

- «Ордабасымен» өткен ойында бізге ешкім сенген жоқ еді. Бірақ біз сырт алаңда «Ордабасыны» жеңетін күш пен жігер таба алдық. Ал «Қайратқа» қарсы өткен ойынның алғашқы минуттарында жасаған қателіктеріміздің кесірінен бізде сенімсіздік пайда болып, қорғанысымыз әлсіреп, қарсыласқа ашық аймақтар қалдырдық. Қонақтар да оңтайлы сәтті пайдаланып кетті.

Қақпашымыз Токотаевтың алған жарақаты да ойын мәнерімізге әсерін тигізбей қойған жоқ. Ульшиннің өрескел ойынының салдарынан Токотаевтың беті бірнеше жерден жарақаттанып, ауруханаға жөнелтілді. Төрешілердің бұл оқиғаны жай ғана ойын сәті деп есептегеніне таңмын.

Алматылықтарға қарсы өткен ойында 12-ші нөмердегі Сантос Оливейраға алаңда көп уақыт ойнауға мүмкіндік бердік. Сантос пен 90-шы нөмердегі Фатаи Кехинде жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ойынның екінші таймы үшін жігіттерге алғыс білдіргім келеді.

Біз әр ойынымызды соңғы матчымыздай ойнап, «Тұранның» Премьер-лигада қалуы үшін барымызды саламыз. Ол үшін сіздердің қолдауларыңыз керек. Алда әлі 7 матч бар, біз сол ойындарда өзімізге керек ұпайларды ала аламыз деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0