Серікжан Мужиков: «Осындай қиын кезеңде бірігуіміз керек»

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков Olimpbet-чемпионаттың 18-турындағы «Қайратқа» қарсы матчтан соң пікірімен бөлісті.

– «Қайратқа» қарсы ойындарда оң нәтижеге қол жеткізу оңай емес. Қазіргі уақытта біз үшін әр матч өте маңызды, өйткені біздің мақсатымыз – мүмкіндігінше көп ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы сатысына көтерілу. Барша жігіттер мен команданы жеңісімізбен құттықтаймын. Жанкүйерлерімізге ерекше рақмет айтамын, ойын барысында бізді өте жақсы қолдады. Әрі қарай тыңғылықты жұмыс істеп, келесі маңызды матчқа дайындаламыз.

Өкінішке қарай, қазір біздің аймақ қиын кезеңді бастан өткеруде – облыстағы орман өрті бірнеше күн бойы басылмай тұр. Апат айтп келмейді. Осындай қиын кезеңде бірігуіміз керек, облыстың барлық тұрғынын ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке шақырамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0