Хоккей

Лихотников Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

Лихотников Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

Қазақстандық шабуылшы Артём Лихотников Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Shaiba.kz сайтының хабарлауынша, хоккейші клубтардың бірімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, осы маусымаралық үзілісте Лихотников словакиялық «Попрад» клубымен келісімшартқа отырған болатын.

Теміртау хоккей мектебінің түлегі өткен маусымды Өскеменнің «Торпедосында» бастап, 40 кездесуде 41 (16+25) ұпай жинаған. Одан кейін «Арланға» ауысып, 15 матчқа қатысып, 8 (2+6) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0