Александр Недовесов АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге алғашқы айналымда аргентиналықтар Томас Мартин Этчеверри - Себастьян Баэсті тізе бүктірді - 6:1, 7:5.
Олар екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сындағы жеңімпазы, сальвадорлық Марсело Аревало - «Үлкен дулығаны» төрт рет ұтқан нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или