русский язык
Әлем футболы

«Барселона» түлегі «Реалға» ауысты

«Барселона» түлегі «Реалға» ауысты

«Реал Мадрид» леверкузендік «Байер» футбол клубынан 17 жастағы шабуылшы Икер Бравоны жалға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалған. Келісімшартта «Реал» оны 6 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі бар екені жазылған.

As басылымының хабарлауынша, Браво мадридтік клубтың қосалқы командасы «Кастильяда» өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Икер Браво «Барселонаның» түлегі, өткен маусымда «Байер» сапында Бундеслигада және Германия Кубогында 1 матч өткізді (екі ретте де қосалқы құрамнан шықты).

Ал «Байердің» жастар командасында 14 ойынға қатысып, 7 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;