«Қайрат» бапкері Ақтаудағы стадионның сапасын сынға алды

«Қайрат» бапкері Ақтаудағы стадионның сапасын сынға алды

«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында өткен «Каспийге» қарсы ойын (2:2) туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– «Каспийді» тең нәтижемен құттықтаймын. Шәкірттерімнің бүгінгі тапсырмасы жеңіс еді. Өкінішке қарай, жеңісті уыстан жіберіп алдық.

Біз чемпиондық үшін күресіп келеміз, сондықтан бүгінгі үш ұпайдың маңызы зор еді. «Қайрат» әр матчта жеңіс үшін ойнайды. Ақтауға жеңіске жету үшін келдік, «Каспий» де басқа қалаға ұту үшін барады. Бұл қалыпты жағдай. 

Бүгін стадионда тамаша атмосфера болды. Футболшылар жанкүйерлер үшін ойнайды. Футболға барынша адам көп келіп, жақсы атмосфера жасаса, футболшылардың да ойнауға құлшынысы артады. 

Алаңға келер болсақ, бірінші кезекте футболшылардың денсаулығын ойлауымыз қажет. Үзілісте командамыздың ойыншылары сүйел болмау үшін аяқтарын орап жатты. Премьер-лиганың командасы мұндай сападағы алаңда ойнай алмайды деп санаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0