«Лационың» бұрынғы ойыншысы «Ақжайыққа» ауысты

«Лационың» бұрынғы ойыншысы «Ақжайыққа» ауысты

28 жастағы албаниялық қорғаушы Амир Билали «Ақжайық» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы оралдық клубқа еркін агент ретінде ауысып келді.

Билали италиялық «Кремонездің» түлегі. Италияда «Лацио» жастар командасында ойнаған. Мансабында словениялық «Целе», албаниялық «Бюлис», «Теута» және «Партизани», македониялық «Работничка» және «Шкупи» клубтарында, сондай-ақ Румынияның «Академик Клинчени» клубтарында өнер көрсетті.

Албаниялық қорғаушының соңғы командасы «Мезёкёвешд» болды. Биыл қаңтардан шілдесіне дейін венгриялық клубта өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0