«Ақсу» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысын сапына қосты

«Ақсу» «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысын сапына қосты

«Ақсу» футбол клубы гвиней-бисау шабуылшысы Тони Силвамен келісімшартқа қол қойды.

Алғашқы кәсіби келісімшартын ағылшынның «Ливерпуль» командасымен жасасты. Артынша Силва Болгария, Грекия, ОАР, Түркия, Сауд Арабиясы мен Румынияда өнер көрсетті.

2020 жылы Тони Силва «Тараз» клубымен келісімшартқа отырды. Жамбылдық команда сапында 17 матчта 4 гол соқты. Өткен маусымда «Тобыл» сапында ел чемпионы атанды. Шабуылшының соңғы клубы түркістандық «Тұран» болды, онда ол 9 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.

«Бенфика», «Челси» және «Ливерпуль» жастар командасында доп тепкен. Гвиней-Бисау ұлттық құрамасының сапында 14 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0