Бірінші лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы анықталды

Бірінші лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатында Бірінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Дәстүрлі сауалнаманың қорытындысы бойынша Біріншіліктің үздік ойыншысы болып көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Руслан Болов атанды. Барлық дауыстарды жинақтағаннан кейін ресейлік футболшы 23 ұпай жинады.

28-жасар шабуылшы бес ойында 5 гол соғып, өз командасына 13 ұпай жинауға көмектесті.

Қазір Болов 12 гол соғып, біріншіліктің сұрмергендер тізімінде көш бастауда.

Екінші және үшінші орындарды «Жетісу» командасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек пен «Оңтүстік Академиясының» ойыншысы Бағдат Данияров өзара бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0