«Қалтасында пышақ болса, мені пышақтайтын еді». Тоқтар жеңілісінің шынайы себептерін, реванш және «Камиль каратэмен» жекпе-жектің шарттарын атады

«Қалтасында пышақ болса, мені пышақтайтын еді». Тоқтар жеңілісінің шынайы себептерін, реванш және «Камиль каратэмен» жекпе-жектің шарттарын атады

Танымал қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (4-2) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Алматыда өткен<span> </span>OCTAGON<span> </span>33 турниріндегі Одилхон Камоловтан (2:0) жеңілуінің себебін және атышулы тәжікстандық «Камиль каратэ» лақап атымен танымал Камариддин Хасановпен жекпе-жектің шарттарын атады.

– Еркебұлан, Одилхон Камоловтан жеңіліп қалдыңыз. Біраз уақыттан кейін қандай қателіктер жіберілгенін түсіндіңіз бе?

– Иә, мен қателіктерімді түсіндім. Камоловтың айла-амалдары мен мақсатына жетудегі принциптерін бағаламаппым. Оның ар-ожданы да, ұяты да, еркектігі де жоқ, өйткені ол октагонға кез келген жолмен жеңемін деген мақсатпен шыққан. Қалтасында пышақ болса, мені пышақтайтынына сенімдімін. 

– «Тыныс алуда» проблемалар бар дедіңіз. Осылай сіз функционалдық дайындықтың жеткіліксіздігін атадыңыз ба?

– Функционалды түрде мен дайын болмадым. Менде түсірілім болды, солардан кейін «Номадтағы» жекпе-жекке дайындалдым, сондықтан мен тек екі рет күреске бардым, бұл, әрине, жеткіліксіз болды. Біз жекпе-жекті басталуына он бір күн қалғанда мақұлдадық және мен күрес жағынан дайын болмадым.

 

– Бұл жекпе-жекті қайта өткізу мүмкіндігі болса, нені өзгертер едіңіз?

– Егер қайта өткізу мүмкіндік болса, Камоловты бірден емес, баяу жеңуге кірісер едім. Мен үш раундқа күшімді есептептеп, жекпе-жекте функциямды жеткілікті қылар едім.

- Қазірде реванш жайында көп айтылып жатыр және Камолов одан жақсы ақша тапқысы келетіні анық. Өзбекстандық файтер сіздің арқаңызда ММА-да атын шығарғысы келетін сияқты ма?

- Менсіз Камолов ешкімге керек емес және реванш ол үшін маңызды. Мен шоумен екенімді дәлелдей аламын және басқа қарсыластармен шоу жасай аламын. Менің жекпе-жектерім әрқашан қызық, ал Одилхондікі менің қатысуымсыз қызық болмайды.

- Ұйым Камоловтың реваншқа деген үлкен үмітін қанағаттандыра ма?

- Жоқ, өйткені оған ешкім ондай гонорар бермейді. Неліктен оған гонорар берілу керек? Еденде жатып, әйел сияқты төбелесіп, заңсыз соққылар жасағаны үшін бе? Менің ойымша, жерде жатқандарға емес, шоу жасайтын адамдарға төлену керек. Ұйым бұған келіспейді, Камолов оған ақшаны мен төлеуімді қалайды деп естідім. Мен оған ештеңе төлемеймін. Ол реванш тек торда болуы керек деп ойлайды, бірақ мен реваншты кез келген жерде жасай аламын және ол үшін мен ұялмаймын.

- Сіз реванш торда ғана емес, кез келген жерде өтуі мүмкін деп айттыңыз. Сізге оны жауапсыз қалдырмау әлі де маңызды ма?

- Әрқашан жауап қайтару қажет. Мен бұл істі бұлай қалдырмаймын, егер ұйымның ешқайсы реваншқа келіспесе, мен оны тіземен ұрып, көзімді шұқып алғасы келгені үшін жауап қайтарудың амалын табамын.

- Сіздің қатысуыңызбен лигада қызық жекпе-жектерді күтуге бола ма? Сіздің ойыңызда қарсылас ретінде біреу бар ма?

- Әзірге ойымда ешкім жоқ. Шынымды айтсам, мен киноға түскім келеді, өйткені жекпе-жек және түрлі сынақтардың салдарынан өзімнің кім екенімді ұмыта бастадым. Біріншіден, мен актермін, түсірілім – менің негізгі жұмысым, ал жекпе-жектерде өмірін осыған арнаған спортшылар қол жеткізген нәтижеге мен бір жылда жете алмаймын. Маған қарсы тек жеңіске жетуді қалайтындар октагонға шығып, шоу жасамайды. Мен шоу жасаймын және тек көтерілуді қалайтын адамдармен жекпе-жек өткізгім келмейді.

- Лигадағы дебюті жақын арада күтіліп отырған «Камиль Каратэмен» болашақта жекпе-жек өткізгіңіз келе ме?

- Камиль каратэ маған қарсылас емес. Алдымен бірдеңеге қол жеткізсін, шоу жасасын, содан кейін ғана дайын боламын. Камоловпен жекпе-жектен кейін мен әрбір итке жауап берудің қажеті жоқ екенін түсіндім. Иттер үре берсін, ал мен ары қарай жүре беремін. Олар өз күшімен және менсіз көрермендерді мойындатсын, содан кейін мен олармен күресуге дайын боламын.

Фото: OCTAGON

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или