«Барыстың» бұрынғы ойыншысы мәскеулік «Динамоға» ауысты

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы мәскеулік «Динамоға» ауысты

«Чемпионат» басылымына белгілі болғандай, мәскеулік «Динамо» швед шабуылшысы Якоб Лильямен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 29 жастағы шабуылшы «Барыс» сапында ойнап, тұрақты маусымда 47 ойында, 27 (16+11) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде бес кездесуде үш ұпай еншіледі.

Хоккейші кейінгі екі маусымда «Барыста» өнер көрсетті, ал оған дейін форвард «Колумбус Блю Джетсте» ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или