Қазақстанның футбол клубтары еурокубоктарда қанша табыс тапты

Қазақстанның футбол клубтары еурокубоктарда қанша табыс тапты

Қазақстандық екі клуб – «Тобыл» және «Қызылжар» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтіп, өз бюджеттерін айтарлықтай толықтырып алды.

Бастапқыда «Тобыл» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 285 мың доллар алған болатын. Ендігіде, Қостанайдың аталған клубы Конференция лигасының үшінші кезеңінен шығып қалса да, кепілді түрде 560 мың доллар алады.

«Қызылжарға» келсек, Конференция лигасының үшінші кезеңіне қатысқаны үшін петропавлдық клуб та 560 мың доллар алады. Ал еурокубоктарда өнер көрсетуін аяқтаған «Астана» мен «Қайрат» Конференция лигасының екінші кезеңінде 356 мың доллардан табыс тапты.

Осылайша, осы уақытта қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы табысы 2 117 000 долларды құрап отыр. Бұл сомаға маусым аяқталған соң маркетингілік және телеқұқықтардың сатылымынан түскен проценттер қосылады.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0