«Каспий» командасына ресейлік қақпашы қосылды

«Каспий» командасына ресейлік қақпашы қосылды

«Каспий» футбол клубы ресейлік қақпашы Алексей Козловпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz .

«Біздің командаға ресейлік қақпашы Алексей Козлов қосылды. 23 жастағы Алексей «Каспийге» дейін Беларусьтің «Торпедо-Белаз», «Минск», «Гомель» клубтарында өнер көрсеткен.

Қош келдіңіз Алексей!», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0