Қазақстандық жас теннисші Германиядағы турнирдің финалына дейін жетті

Германияның Вайблинген қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық Дамир Жалғасбай финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Сава Рыбакинмен сынға түсті.
Тартысты өткен бәсекеде ресейлік теннисші 7:6 (7:4), 4:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті.
Германияның тағы бір қаласы - Дюренде 25 шілдеде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша супер жарыс басталады.
Онда Қазақстан намысын әлемнің 14 жасқа дейінгілер арасында төртінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы, сондай-ақ Сәтима Төреген, Ариана Гогулина қорғайтын болады.