Асқар Сатышев «Таразға» ауысуы мүмкін

Асқар Сатышев «Таразға» ауысуы мүмкін

Қазақстан U21 жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Асқар Сатышев «Тараздың» негізгі командасының жаттығуына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Сатышев «Тараз» футболының түлегі. Қорғаушы «Оңтүстік» академиясында да білім алып, кейін туған жері Таразға оралып, Бірінші лиганың «Тараз-Қаратау» командасында жиі ойнаған.

2022 жылдың ақпан айында Асқар «Гранададан» ұсыныс алды. Екі апталық қаралымның нәтижесінде испандық клуб онымен алты айға келісімшартқа отырып, жастар құрамасында ойнауға жіберді.

Асқар Сатышев Қазақстанның барлық жастар құрамаларында өнер көрсетіп, биылғы жылдың наурыз айында жастар құрамасына шақырту алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или